21.08.2013, 14:11

«Нұр Отан» партиясының XV съезі 18 қазанда өтеді

414196.jpg
сурет pr-hal.kz сайтынан

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының XV съезі 2013 жылдың 18 қазанында өтеді. Бұл жөнінде бүгін журналистерге партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

«Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында негізгі даму бағыттарын жариялады. Жыл басынан бастап партия төрағасының тапсырмасы бойынша, аймақтарда депутаттармен бірлесе отырып, арнайы құрылған жұмыс тобы партия доктринасының жобасын әзірледі. Бұл құжат партияның ата заңы деп айтсақ болады. Доктринада партияның негізгі құндылықтары айқындалған», – деді Бауыржан Байбек.

Оның мәлім етуінше, Елбасы партияның он бесінші съезі биыл 18 қазанда өтетіндігі туралы қаулыға қол қойды.

«Жалпы, осы съезге дайындық барысында келесі аптада доктринаның жобасы партиялық газеттерде, электрондық сайтта жария етіледі. Содан кейін біздің жоспарымыз бойынша, доктрина жобасы көпшіліктің арасында талқыланып, осы съездің қарауына ұсынылатын болады», – деп атап өтті партия төрағасының бірінші орынбасары.

 

bnews.kz сайтынан

Комментарии