Еуропа тағы су астында қалды

Фотография - Еуропа тағы су астында қалды

10 0

Табиғаттың тосын мінезі биыл да еуропалықтарды әбігерге салып жатыр. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан біраз аймақты су басып, Францияның оңтүстік-шығысында екі адам тұншығып мерт болды.

Тілсіз жау Италияны да шарпыды. Генуя қаласының көшелері жабылып, көлік қозғалысы тоқтап қалған. Ал, Аппенин түбегінің солтүстігі мен орталығын су шайып, бір адам көз жұмды, тағы бірі із-түссіз жоғалып кеткен. Деңгейінен көтерілген су қазір Словения халқын да тығырыққа тіреді.

Скандинав түбегінің солтүстігі керісінше, аяздың құрсауында қалды. Норвегияда ауа қысымының төмендеп кеткені сонша, Ловунд шығанағына мұз қатып, балықтар тірідей қатып қалып жатыр. Елде қазір мектептер мен бірқатар муниципалды орталықтар жұмысын тоқтатқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!