Қарағандыда әскери қызметкер өзін-өзі атқан

Фотография - Қарағандыда әскери қызметкер өзін-өзі атқан

12 0

Қарағандыда ҚР Қорғаныс министрлігінің №31775 әскери бөлімінің 33 жастағы командирі атылып қалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

Қаза болған адамның әріптестерінің хабарлауынша, қайғылы оқиға оның үйінде болған. Әскери қызметкер өзін-өзі атқан.

«Жүрегінен ауыр жарақаттанған азамат ауруханаға жеткізілді, ол онда есін жимаған күйі жан тапсырды», - деп хабарлады 31775 әскери бөлімінен.

Танк бөлімшесінде істеген әскер қызметкердің мұндай қадамға бару себептері әзірге белгісіз. Алдын ала ақпарат бойынша, оқ атылған қару ішкі істер органдарында оның атына тіркелген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!