538

Бразилия ширек финалда

Фотография - Бразилия  ширек финалда

Әлемнiң бес дүркiн чемпиондары Бразилия ұлттық құрамасы 1/8 финалда Чилимен кездесiп, пенальти сериясы арқылы жеңiске жеттi. Ойынның негiзгi уақыты 1-1 есебiмен аяқталғаннан кейiн жарыс қожайындары төрешi белгiлеген қосымша уақытта да жеңiс голын соға алған жоқ.

Кездесу өте тартысты өттi. Бразилиялықтар 18 минутта жылдам гол соғып (Давид Луис), шабуылдарын одан әрi үдете түскен. Алайда, көп ұзамай Алексис Санчес есептi теңестiрiп (32 минут), жанкүйерлерiнiң мерейiн үстем еттi. Мұнан кейiн екi тарапта да гол соғатын бiрнеше мүмкiндiк болғанымен, ойыншылар оны жүзеге асыра алған жоқ.

Кездесу тағдырын пенальти сериясы шештi. Ерекше шеберлiгiмен көзге түскен Бразилия қақпашысы Жулио Сезар чилилiктердiң екi бiрдей добын қайтарып, матч қаһарманы атанды десек артық айтпағанымыз. Чилидiң тағы бiр ойыншысы Гонсало Харо болса қақпаны дәл көздей алған жоқ. Ал, бразилиялықтар сапынан Виллиан мен Халк қателестi. Пенальти есебi 3-2, Бразилия пайдасында. 1/4 финалда алаң иелерi Уругвайды жеңген Колумбиямен күш сынасады.

Загрузка...