Тұрмыстағы алғашқы он жылды айқас деп батыл айта аламын

Фотография - Тұрмыстағы алғашқы он жылды айқас деп батыл айта аламын

"КешYou" тобының продюсері алғаш рет үнемдеу шаралары, дағдарыс пен отбасы жайында айтып берді.

2064 0

"КешYou" тобының продюсері алғаш рет үнемдеу шаралары, дағдарыс пен отбасы жайында айтып берді.

Той немесе шоу бизнес болсын көптеген қазақстандық продюсерлерге жақсы өмір сүруге мүмкіндік береді. Кейбірі туралы тіптен: "Май шелпекте" деп те айтады. Олардың бірі – Баян Есентаева. Алайда девалвация Баянның да белін бекем буғызды .

"КешYou" тобының продюсері алғаш рет үнемдеу шаралары, дағдарыс – тек қаржылық қана емес, сондай-ақ, отбасылық өмірі туралы айтып берді. Баян Есентаеваның Today.kz. тілшісіне берген экчклюзивті сұхбатында.

- Баян сізге қаржы секторындағы соңғы оқиғалар қалай әсер етті? Ол сіздің тұрмысыңызға айтарлықтай өзгеріс әкелді ме?

- Мені елдегі жалпы жағдай мен көңіл күй алаңдатады, мен адамдардың песиимизімін де, қажығандығын да сеземін. Өз басыма келгенін көлігімнің айнасын ұрлап кеткенде түсіндім. Бірден 1990 жылдар есіме түсті. Жаңалықтардан үнемі шабуыл мен соққыға жығып кету туралы еститінбіз.

Девалвация менің бизнесіме ауыр соққы болды. Мен екі апта бойы дағдарысқа қарсы бағдарламамды даярлап жүрмін, өйткені, мен көп адамға жауаптымын. Гастрольдерге алғаш рет өзім де шығып жүрмін, бәріміз үлкен автобусқа отырып, қалалар мен ауылдарды аралап жүрміз. Екі жылда мен босаңсып кеттім, өйткені, жұмсақ орындарда отырдым: кино, бағдарламалар түсірілді, әртістер жұмыс істеді; мен жақсы өнім жинайтынмын. Бірақ бәрі алмасып тұрады, жайсыз кезеңдер де болады. Мені бұл мағынада бомбалау кезінде бутиктерін ащқан Коко Шанель шабыттандырады. Немесе, дағдарыс – бұл табыс табатын кез деген Стив Джобс


- Осыған байланысты қандай да бір бюджеттік немесе өзіндік ерекше жоба жоспарлап жатырсыз ба?

- Мен қазір сценарилерді қарап жүрмін, маған өте аз соммаға кино түсіру керек, әдеттегіден үш есе төмен. Маған өте жақсы сценарий қажет, ал үнемдеуге болады. Сонымен бірге, қазір квартетті бойз-бэндке жігіттер жинадым. Бұл менің жігіттердің продюсері ретіндегі алғашқы тәжірибем. Мен олар не кию керек, шашын қалай алдыру керектігін білмеймін... Сондықан, бірге үйренеміз.

– Жанар Доғалованың Turkvision байқауындағы жеңісі пайда әкелді ме?

- Мен оның продюсері болуға лайықты емеспін деген пікір менде үнемі болатын. Ол біздің жұмыс істеп келген уақытымызда бір рет болсын бір нәрсе ұнады деп айтқан емес. Ол мұны қалыпты жайт деп қабылдады. Ал жалпы менде авторитарлы шарттар: әртіс ешқашан қанша ақша алатынын шешпейді. Мен мұны келісім шартқа қосамын, өйткені басымнан жағымсыз жайды өткізгенмін, сондықтан өзімді заңды қорғауға тырысамын. 1 қазаннан Жанардың келісім шарты біткен, ол өз еркімен кетуін сұраған. Ол келді де еркіндік сұрады: Баян, мен суретшімін, мен бір жыл бойы ән жазбадым. Мен үшін бұл жыл тозақ болды, маған еркіндік беріңіз". Мен оны жібердім, салынған қаржыны талап етпедім, оның пәтерін немесе көлігін тартып алмаймын ғой. Мен ақшаны басты нәрсе етіп қоймаймын. Біз екеуміз жақсы қарым қатынастамыз. Жанар Доғалова бар "КешYou" менің алты жылда салғанымды қайтарды, осылайша, мен бір миллион доллардан артық табыс таптым.

– Сіз жүргізуші ретінде қандай гонорар аласыз?

- Мен корпаративтерді жүргізбеймін. Бұл менің позициям, менің қағидатым. Мен асаба емеспін, бұл менің қолымнан келмейді. Маған бұл ұнамайды, тіпті үлкен сомма берсе де (дегенмен, үлкен сомма ұсынған жоқ).

- Сізде депрессия болады ма? Болған жағдайда сіз онымен қалай күресесіз?

- Менде өмір бойы бір дағдарыс болды, ол орта жас дағдарысы. Ол 9 қаңтарда болды, мен 36 жасқа толғанмын. Мен таңғысын оянып, қызықтың бәрі артта екенін түсіндім. Мен жақындарымның алдына шықпадым, ешкімді көргім келмеді. Сурет альбомын алып жыладым: мында мен 20 жастамын, ал мында – 25 және мен телеарнада жұмыс істеймін,  әсем көйлектерде, сахнада, өте жаспын. Осылай үш ай өтті, мен өзімді ешкімге керек емеспін деп сезіндім. Бірде, наурыз айында мен жолда келе жатып, үш секунд ішінде маған ой келді: мен кино түсіремін! Ал басымда сценарий, кейіакер мен режиссер жайында нақты ойлар болды.


- Өміріңізде ақымақтық жасап көрдіңіз бе?

- "Махабат бекеті" фильмінен кейінмен танымал болдым. Менде бірден фазадан ауытқу болды, мен жиркенішті адамға айналдым да кеттім. Бір жолы маған бір жігіт жақындап, аяғына жасыл шұлық киген екен.

Ол күліп тұрып маған: "Мен сізді білемін, сіз сондай сұлусыз, қасыңызда тұра тұрсам болады ма?, - деді. Ал мен, көктегі жалғыз жұлдыздай, аяғына қарап тұрып: "Алдымен шұлығыңды ауыстыр", деп жауап бергенмін. Ол абдырып қалды, ал мен бетіне қарап күлдім. Мұны өзіме әлі де кешіре алмаймын, оны кейін көрмедім. Қазір ойласам: ол жігітке менің есімді жию үшін салып қалу керек еді. Мен әлі де қатты кетемін, жақындарыма дөрекімін, оларды ренжітіп аламын. Олардың жаны ауырсын деп емес, үйренсін деп, енді, өзім солай ойлаймын. Мен мұнымен күресіп келемін. Мен адамдарды ренжіткім келмейді, маған өзгелерден басым болу ұнамайды.


- 20 жылдан астам тұрмыстасыз. Отбасылық өмірде қандай өзгерістер болды? Олар не әкелді?

- Мен қолыма шүберек ұстап алып өмір сүрген кезім болды. Еденнен төбеге дейін кафель сүртіп, кір киімді жуып, оны үтіктеп, күйеуіме крахмалданған жаға даярлайтынмын. Бір күні теледидарға қарадым, үстінен жұқа шаң көрінді, оның үстіне саусақпен жазып қойыпты: "Қалай ұялмайсың", деп. Сарт етіп ой келді, көзім ашылғандай болды, мен теледидардан шаң сүрту үшін туылғам жоқ. Менің есім шығып жүрді.

Келесі күні мен телеарналарды араладым, ары қарайғы жеті жылды үлкен репортаж іздеумен қоқыс араладым. Айтпақшы, БАҚ-тан мені 9 рет жұмыстан шығарған, мінезім мен кешіккенім үшін.

- Сіз көзге шөп салуды қалай қабылдар едіңіз?

- Мен, шокта болатын шығапмын. Өйткені, 21 жыл ішінде күйеуім өзінің махабатын дәлелдеген. Әрине, грамдап, градуспен өлшесек, менен гөрі ол мен көбірек сүйеді. Мүмкін, шөп салғанда болар, мен бұл туралы ойламауға тырысамын.

Ол өте қызғаншақ, сол үшін де мінезіміз ұзақ жараспады. Мен ажырасуға үш рет арыз бергенмін. Алғашқы он жылды соғыс деп анық айтуға болады. Қазір бізде декоротивті қарым қатынас, бірбірімізге сүйеуміз, ол менен қарыз алатын кездер болады, сосын тиынына дейін қайтарады. Менің позициям мынау: менің тапқанымның бәрі – менікі, ал ер адамның тапқанының бәрі – отбасынікі. Менің табысым ол үшін әлі де жұмбақ.


- Баян Есентаева сияқты мықты әйел затында қорқыныштар бар ма?

- Мен балаларым үшін қатты қорқамын. Үнемі, айналада бандиттер толып жүргендей, қыздарымды біреу ренжітетіндей көрінеді. Мені бұл қысады. Мен психологқа барып, бұдан арылу керек деп шештім. Қыздарымның пікірі мен талпынысын сыйлаймын, сол үшін үлкенім Айсұлуды Америкаға жібердім. Ол қазір Калифорнияда медиаменеджер білімін алып жатыр, келеді де маған бизнесті жүргізуге көмектеседі.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!