Жоғалып кеткен Тараздық Виктор Прокопенконың туыстары оның ораларына сенеді

Фотография - Жоғалып кеткен Тараздық Виктор Прокопенконың туыстары оның ораларына сенеді

Жігіттің үйінен не себепті кеткенін ата-анасы айтып берді

280 0

2 наурыз күні Тараз қаласында жоғалып кеткен политехникалық колледж студенті Виктор Прокопенконың туыстары Today.kz  тілшісіне жігіттің жоғалып кету себептерін айтты. Жігіттң әкесі Петр Прокопенконың айтуынша, оның ұлы отбаының ауыр жағдайына байланысты табыс табуға кеткен.

"Полиция іске қосылып, ізін анықтады. Бүгін-ертең тауып, үйге алып келер. Алдын ала мәлімет бойынша, ол басқа қалаға кеткен. Нақты ақпарат бойынша: 2 наурызда ол колледжде болған, сабақтан кейін оны бір жігітпен көрген, содан соң ол із-түссіз кетті. Табылған кезде неге кетіп қалғанын өзінен сұрай алармыз. Ол табыс табуға кеткен болу керек деп ойлаймын. Қазір әйеліміз екеуміз де жұмыссыз отырмыз. Материалдық тұрғыдан ауыр болып тұр. Мен оны түсінем", - дейді Петр Прокопенко.

Сонымен бірге ер адам, көптеген БАҚ жалған ақпарат таратып, іздеуге үлкен кедергі келтіргенін айта кетті.

"Басылымдардың бірі ұлымның дәулетті отбасынан және үйіндегілермен ұрсысып кетіп қалған деп жазды. Бұл жалған. Сонымен бірге көптеген балгерлер де осы арқылы табыс табуда. Біз экстрасенстерге бармадық, олар өтірікші. Өздері хабарласып, бірдеңелерді айтып, кеңес береді. Еріктілердің бірі оларға хабарласқан, балгерлер болса, біреу оның басынан ұрған, оны жертөледе ұстап отыр деп және басқа да жалған сөз айтқан", - дейді әкесі.

Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі жоғалған студентті іздеу бойынша жедел-іздеу шаралары жүріп жатқандығын хабарлады.

Естеріңізге салайық, 8 наурыз күні әлеуметтік желілерде белгісіз жағдайда Тараз қаласындағы политехникалық колледжінің студенті Виктор Прокопенко жоғалып кеткені туралы хабарлама таратылған. Оны іздеуге полиция мен еріктілер жұмылған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!