Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жылда 13,1% өскен

Фотография - Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жылда 13,1% өскен

2016 жылғы сәуірде азық-түлік тауарларының бағасы 2015 жылғы сәуірмен салыстырғанда 13,1%-ға өсті

329 0

2016 жылғы сәуірде азық-түлік тауарларының бағасы 2015 жылғы сәуірмен салыстырғанда 13,1%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.

2016 жылғы сәуірде 2015 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға қантқа 45,1%, кофе, шай және какаоға – 27,3%, май және тоң майға – 26,3%, жармаларға – 24,4%, нанға – 22,4%, балық және теңіз өнімдеріне – 21,2%, кондитерлік өнімдерге – 19,5%, тоқаш және ұн өнімдеріне – 16,8%, макарон өнімдеріне – 14,3%, жемістер мен көкөністерге – 12,3%, алкогольді ішімдіктерге – 10,9%, ұнға – 9,2%, сүт өнімдеріне – 7,5%-ға өсті.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 5%-ды құрады. Шұжық өнімдеріне, құс етіне баға деңгейі 9,5%-дан, сиыр етіне – 3,3%, шошқа етіне – 1,7%, қой етіне – 1,5%, жылқы етіне – 0,5%-ға жоғары болды.
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!