"Панама құжаттары" базасында Қазақстанмен байланысты сегіз компания көрсетілген

Фотография - "Панама құжаттары" базасында Қазақстанмен байланысты сегіз компания көрсетілген

АҚШ-та даулы мәлімет базасын жария етті

606 0

Вашингтонда орналасқан журналистік тергеудің халықаралық консорциумы (ICIJ), офшорлар бойынша "Панама құжаттарының" мәлімет базасын жариялады. Іздеу сұранысы бойынша "Қазақстан" сөзіне ол сегіз корпаративті атау, осы компанияның 265 қызметкерін және жеті делдалын көрсетеді, деп жазады Today.kz

Осылайша құжатта мындай компаниялар көрсетілген: LZN INTERNATIONAL LIMITED, AL DORA RE LTD., DORA INTERNATIONAL LTD.,Globus World corporation, Argentan S.A., Barnard Commercial S.A., KAUSAR OVERSEAS LTD., Kausar Overseas LTD. Алғашқы төрт компания Виргин аралдарының құзыретінде. Мәліметтер 2015 жылға дейінгі 40 жылды қамтыған және әлемнің 200-ден аса елінің адамдары мен компаниялары көрсетілген.

ICIJ қосымшасында, консорциум базасында көрсетілген компаниялар мен өзге ұйымдар заңды бұзған немесе өзге сәйкес емес жолдармен жұмыс істеген деуден аулақ екендігі баса айтылған.

Естеріңізге салсақ, 4 сәуірде бірнеше белгілі саясаткердің "Панамагейт" аталған офшорлық есептері туралы ақпараттан дау шығады. Әлемнің 46 елінен 88 журналист 260 гигабайт ақпарат жинақтаған, оның ішінде 2,5 миллион құжат пен 130 мың адамның аты-жөні бар. Мәліметтің көп бөлігі Ресейдің саяси элитасына қатысты. Ел президенті Владимир Путин заңгерлердің құжаттарды даярлап қойған деп күдіктенді және ақпарат дәлелсіз деп атап өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!