ОҚО ІІД-дегілер жемқорлықпен күрес қызметкерлеріне $47 000 пара бермек болған

Фотография - ОҚО ІІД-дегілер жемқорлықпен күрес қызметкерлеріне $47 000 пара бермек болған

Фото: youtube/@Телевидение TVK

Ұлттық бюро ОҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы емтихан бөлімде ұйымдасқан қылмыстық топ үстінен қозғалған істің мән-жайы туралы баяндады.

2559 0

Шымкентте орын алған облыстық ІІД әкімшілік полициясының емтихан бөлімі (ТЭБ) қызметкерлерінің үстінен қозғалған жемқорлық жөніндегі қылмыстық істің мән-жайы туралы Ұлттық бюрода баяндады, деп хабарлайды Today.kz. Тергеудің пікірінше, ұйымдасқан қылмыстық топқа ІІД-нің лауазым иелері кіріп, көліктерді тіркеу, оларды жүргізуге рұқсат беретін құжаттарды, сондай-ақ, жүргізуші күәліктері мен «беделді» мемлекеттік номерлерді алу үшін азаматтардан ақша талап еткен. Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы күрес қызметіндегілер ҰҚТ-тың көліктерді заңсыз тіркеп, үлкен жүк машиналарының жалған техникалық паспорттарын рәсімдеген.

 "Аталған қызметкерлер өздерінің қылмыстық әрекеттеріне Ұлттық бюроның ОҚО бойынша департамент басшылығының қорған болуын қалап, бірнеше рет барлығы 47 мың доллар сомасында пара беруге әрекет жасады. Бұл фактілер бойынша ӘПБ ЭБ бастығы – полиция полковнигі А. Жаппаров, ӘПБ мемлекеттік автоинспекторлары – полиция майоры А. Ботабеков, полиция майоры А. Жанабаева, полиция майоры Т. Боранбаева, полиция полковнигі А. Байсары, Мақтаарал аудандық ЭБ бастығы – полиция полковнигі С. Ағабеков, Сайрам аудандық ЭБ бастығы – полиция майоры  Н. Қуанышбеков, Бәйдібек аудандық ЭБ бастығы – полиция майоры Н. Әбдіғаниев, Бәйдібек аудандық ЭБ мемлекеттік автоинспекторы – полиция майоры Н. Әбдіғаниев, оперативті криминалистика басқармасының криминалисті А. Сұлтанов және азамат М. Әбдірахманов ұсталып, тұтқындалды", - деп, Ұлттық бюро өкілдері істің кейбір жайттарын ашып берді. Әзірге істің басқа деректері жарияланбай тұр. Тергеу жалғасып жатыр.

 Шымкенттегі ЭБ-де арнайы операция шілде айының орта тұсында өткізілді. Бөлім жұмысы толық тоқтатылып, қалада жоғары лауазым иелерінің тұтқындалғаны туралы хабар тарала бастады. Жергілікті БАҚ әлдебір ЭБ қызметкерінің кабинетін жауып алып, кейбір құжаттар мен ақшаны өртегені жөнінде мәлімет таратты. Ұлттық бюро коллегиясы барысында Қайрат Қожамжаров ЭБ-дегі ұйымдасқан қылмыстық топ үстінен қозғалған істі соңғы жарты жыл ішінде жүргізіле бастаған атышулы істердің қатарына қосқан.  

 "Бұл жерде өздерінің әрекеттерін іске асырғандар –  ЭБ басшылығында жүріп, ұйымдасқан қылмыстық топқа мүше болған майордан полковникке дейінгі шен иелері, олар жұртшылық арасында наразылық тудырып, ұзақ уақыт бойы парақорлықпен айналысқан», - деді Қожамжаров. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!