Астанада баспана салатын проблемалық құрылыс компанияларының тізімі жарияланды

Фотография - Астанада баспана салатын проблемалық құрылыс компанияларының тізімі жарияланды

Фото: today.kz

Үлесшілер қаржысына салынып жатқан 58 нысан бақылауға алынған.

623 0

Астанада тұрғын үй кешендерін салатын проблемалық құрылыс компанияларының тізімі жария етілді,-деп хабарлайды Today.kz, қалалық әкімдік сайтына сілтеме жасап.  Порталдағы ақпарат бойынша, тұрғын үй құрылысына қатысты заң талаптарын орындамай, бекітілген мерзімнен кешіктіріліп салынып жатқан 58 нысан қатаң бақылау алынған

«Бұл нысандарға қатысты заңбұзушылықтар кезекті тексеріс кезінде және тұрғындар арыздары арқылы анықталды. Барлық анықталған фактілер бойынша материалдар құқық қорғау органдарына беріледі. Әр нысан бойынша, кемшіліктерді түзету шаралары қолға алынды. Олардың барлығы үнемі бақылауда болады және мемлекеттік органдарға берілген мұрсат шеңберінде ескертулердің ескерілуін қадағалап отырады», - делінген Астананың ресми сайтында.

Алайда, әкімшілік сайтында тоқтап қалған үйлердің құрылысыын мемлекет қаржысына салу мүмкін еместігі ескертілген. 

Сонымен, проблемалық құрылыс компанияларының тізіміне "Азбука жилья",  "КазГазАстана" ЖШС, "Квартиры НС" ЖШС, "Номад-Строй ЭК" ЖШС, "Атлант Инжиниринг" ЖШС, TAMIZ INVEST GROUP АҚ, "Стройкласс" ЖШС, " ASI Инвестициялық құрылыс компаниясы" ЖШС және т.б. кіреді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!