Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз республикасының сыртқы істер министрімен кездесті

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз республикасының сыртқы істер министрімен кездесті

Фото: akorda.kz

None

187 0

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен кездесті, деп хабарлайды Today.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанның өзара іс-қимылының басты бағыттары және екі елдің бірлескен жұмысының алдағы перспективалы салалары талқыланды.

Бұдан бөлек, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстанды тарихи достық және тығыз ынтымақтастық байланыстырып отырғанын атап өтті.

"Елдеріңіз біздің жақын көршіміз әрі серіктесіміз болып саналады. Арамызда ешқандай шешілмеген мәселе болмауға тиіс және қарым-қатынасымыз басқаларға үлгі болуы керек. Әлемдегі күрделі экономикалық және саяси ахуалды ескере отырып, бірге болуымыз қажет", – деді Қазақстан Президенті.

Э.Абдылдаев Қырғызстан Президенті А.Атамбаевтың сәлемін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!