Жылан жылының ерекшеліктері

Фотография - Жылан жылының ерекшеліктері

Табалдырығымыздан төрге шыққан 2013 жаңа жыл елге құт-береке әкелсін

1167 0

Табалдырығымыздан төрге шыққан 2013 жаңа жыл елге құт-береке әкелсін. Бұл жыл – шығыс күнтізбесі бойынша жылан жылы.

Есігімізден кіріп, төрімізден орын алған жыл қожайыны туралы не білеміз?  Жылан жылы халқымызға жайлы бола ала ма? Қазақстандықтарды бұл жылы не күтіп тұр? Жылан жылына болжам жасап көрсек...

Жылан туралы арнайы мамандар болмаса, қарапайым адамдар көп біле бермейтіні ақиқат. Ісі де, түр-түсі де суыққанды көрінетін бауырмен жорғалаушылар сезімтал болып келеді екен. Жылан асықпай, жай қимылдайтын жәндік болғанымен, қажет жағдайда шұғыл әрекет жасай алады. Сондықтан бұл жылы – жыл иесінің ашуға емес, ақылға салатын мінезін ескеру қажет.

Жыландар туралы көп білетін маманның бірі - цирк әртісі. Өмірін осы салаға арнаған Халил Қамашевтың меншігінде бұл жәндіктің бірнеше түрі бар. Жыландардың қыр-сыры мен мінез-құлқын терең білетін Халил аға келер жылға өз болжамын жасады.

Халил ҚАМАШЕВ, цирк артисі:

- Менің ата-анам түсіңде жылан көрсең, жақсылық болады деуші еді. Түрі суық болғанымен, бірақ оның жылға еш әсері жоқ деп ойлаймын. Керісінше, жылан жылы жайлы, қолайлы жыл болады.

Жылан жылдары тарихта қалған маңызды оқиғаларға тоқталсақ. 1221 жылы, яғни жылан жылы Шыңғыс хан әскері Отырарды басып алған. Ал, 1928 жылы елімізде мал-мүлікті тәркілеу басталған. 1941 жылғы Ұлы Отан соғысы да жылан жылымен тұспа-тұс келді. Ал, осы жылан жылында Қазақ елін не күтуде?

Назарбек ҚОЖАМСЕЙІТОВ, жұлдызшы:

- Жылан жылы қыс суық, тек ақпан айының басында бір жылу бар. Ал жалпы суық болады. Сәуір айының 4-і мен 6-сы аралығында да  күн суық болады. Сәуірдің аяғында да суық күтіп тұр. Алдымызда талай суықтар бар. Сондықтан да оған дайындық жасау керек.

Ал, әр жылдан тек жақсылық күтетін қазақ үшін жылан жылы жылылықтың белгісі.


Тегтер:

Мереке

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!