Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды жаңа 2013 жылмен құттықтады

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды жаңа 2013 жылмен құттықтады

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды жаңа 2013 жылмен құттықтады

190 0

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды жаңа 2013 жылмен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев өткен 2012 жылғы жетістіктерімізге, оның ішінде Астананың «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына ие болғанын атап көрсетті.

Құрметті отандастар!

Енді санаулы ғана минуттардан кейін біз жаңа – 2013 жылға қадам басамыз.

Өтіп бара жатқан жыл Қазақстан үшін жарқын оқиғаларға, жетістіктерге және жеңістерге толы болды.

Еліміз жоғары экономикалық өсімге қол жеткізді.

Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті елдер арасында 51-ші орынға табан тіреді.

Бұл – біздің сөзіміз бен ісіміздің бір арнада тоғысқанының, ең бастысы, ел болып бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара алатынымыздың дәлелі.

Біздің мақсаткерлігіміз Лондондағы жазғы Олимпиялық ойындар барысында айқын көрінді.

Қазақстан құрамасы үздік 12 елдің қатарына кірді.

Бұл жеңіс қазақстандықтарды біріктірудің маңызды факторына айналды.

Ардақты ағайын!

Қазіргі сәтте барлығыңыз көтеріңкі көңіл-күймен мерекелік дастарханда бас қосып отырсыздар.

Келе жатқан жыл біздің берекелі бірлігімізді, жарасымды татулығымызды, үйлесімді тұрақтылығымызды нықтай түсетін жыл болатынына сенемін.

«Отан – қуат, отбасы – шуақ» дейді қазақ халқы.

Осы бір шуақ шашқан отбасылық мереке баршаңызға бақыт, табыс, шаттық әкелсін!

Ел іргесі аман болсын!

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!