Бүгін Алматыда полковник Стамбековты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді

Фотография - Бүгін Алматыда полковник Стамбековты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді

 деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

125 0

Бүгін, 2013 жылдың 3 қаңтарында, сағат 10.00-де Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі академиясында Қазақстанның шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарған полковник Тұрғанбек Стамбековты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаназаға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, полковник Тұрғанбек Стамбеков 25 желтоқсан күні Шымкент әуежайынан 20 шақырым жерде Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметі ведомстволық ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көз жұмды. АН-72 әуе кемесінде  экипаждың жеті мүшесі мен  20 әскери қызметкер болған.

Ұшақтың бортында болған адамдардың барлығы қаза тапты.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!