«Орал-Астана» пойызы ашылды

Фотография - «Орал-Астана» пойызы ашылды

2 қаңтар күні кешкісін Орал теміржол вокзалында №57/58 «Орал-Астана-Орал» бағытында қатынайтын пойыз қатынасының ашылу рәсімі болды

265 0

2 қаңтар күні кешкісін Орал теміржол вокзалында №57/58 «Орал-Астана-Орал» бағытында қатынайтын пойыз қатынасының ашылу рәсімі болды.

Онда БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Нұрлан Бекқайырдың атап өткеніндей, осыған дейін Орал мен Астана арасында төрт тіркеме вагон қатынайтын еді. Елордаға тіке бармай, Ақтөбе қаласында басқа пойызға тіркелетіндіктен, қосымша қиындықтар туғызып келді. Сондай-ақ билет жетіспеушілігі де орын алды. Әсіресе, жаз кезінде батысқазақстандық жолаушыларға аса қиын тиетін. Енді облыс халқының тілегі орындалып, Астанаға тіке пойыз қатынай бастады. Мұнда 5 купе, 4 плацкарт, 1 СВ вагоны бар, жолаушылар пойыз мейрамханасынан тамақтана да алады.

Көп ұзамай, атап айтқанда, 15 қаңтар күні Орал вокзалы күрделі жөнделіп бітпек. Бұл мақсатқа 180 млн. теңге жұмсалды. Бас мердігер - «Эльта W» ЖШС.


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!