59 қазақстандық Сириядан елге қайтарылды

Фотография - 59 қазақстандық Сириядан елге қайтарылды

Қазіргі таңда Сирияда әртүрлі себептерге байланысты эвакуациядан бас тартқан 68 қазақстандық азамат әліде қалып отыр

143 0

Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Елшілігінің дипломаттары, үкімет әскерлері мен оппозиция арасында қарулы қақтығыстар болып жатқан Сирия Араб Республикасының Дераа қаласынан ҚР азаматшасы Юлия Викторовна Мухинаны және оның кәмелетке толмаған үш баласын Иордания арқылы Астанаға аттандырды.

Жалпы 2012 жылы, қанды қақтығыстар болып жатқан Сирия Араб Республикасынан Қазақстан Республикасының Аммандағы Елшілігінің күшімен 59 қазақстандық азамат елге қайтарылды. Олардың барлығына арнайы бюджет есебінен әуе билеттері алынып берілді. Елшілік 82 қазақстандық азаматтың тиісті құжаттарын рәсімдеп, Қазақстанға өз қаражаты есебінен кетуге барынша септік жасады.

Қазіргі таңда Сирияда әртүрлі себептерге байланысты эвакуациядан бас тартқан 68 қазақстандық азамат әліде қалып отыр, деп хабарлайды Иорданиядағы елшіліктен.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!