Павлодар мұнайхимия зауыты 19 жылда алғаш рет жылына 5 млн тоннадан астам мұнай өңдеді

Фотография - Павлодар мұнайхимия зауыты 19 жылда алғаш рет жылына 5 млн тоннадан астам мұнай өңдеді

делінген Павлодар қаласы әкімінің сайтында

402 0

Павлодар мұнай химия зауыты жаңа сан мен сапаға бет бұрды. 1 жылда 5 млн тоннадан астам мұнай өңделді. Зауыт бұл көрсеткішке 19 жылда алғаш рет жетіп отыр, делінген Павлодар қаласы әкімінің сайтында.

Баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұл – «Қаз МұнайГаз» БӨ компаниясымен бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесі. Қаржылық қолдау мен шикізатпен қамтамасыз ету технологиялық құрал-жабдықтарды жаңғыртуға мүмкіндік берді. Үш жылда жөндеуге жұмсалған шығын 18,3 млрд теңгені құрады.

2012 жылы жағар май мен дизель отыны, сұйылтылған газ, кокс, битум, күкірт өндірісі ұлғайды. Әсіресе, жоғары октанды жағармай 1,3 млн тоннадан 82,2 пайызға өсті. Жол битумының өндіріс көлемі 2010 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе артты.

ПМХЗ тұтастай жаңғыртудан өткен соң 2016 жылға қарай жылына 7,5 млн тонна шикі мұнай өңдемек.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

уран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!