Жолдағы ең «апатты» уақыт - сағат 16-дан 23-ке дейін

Фотография - Жолдағы ең «апатты» уақыт - сағат 16-дан 23-ке дейін

2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы болған апаттардың саны шамамен 27 пайызға өсті

168 0

Аптаның ең «апатты» күні ретінде сенбі күні, ал ең «апатты» уақыт - сағат 16-дан 23-ке дейін деп танылды.

Жол-көлік оқиғаларының 50 пайызы сенбі күні және тәуліктің осы сағаттарында орын алады - Шығыс Қазақстанның жол полициясы аймақта 2012 жылы болған барлық жол-көлік апаттарына талдау жасады.

Облыс аумағында 2012 жылы 1119 жол апаты тіркелді, соның салдарынан бір жылда 202 адам қаза тауып, тағы 1380 адам жарақаттанды.

2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы болған апаттардың саны шамамен 27 пайызға өсті, қаза тапқандардың саны 0,5 пайызға, жарақаттанғандардың саны - шамамен 29 пайызға өсті.

Жол-көлік апаттарына себеп болатын бұзушылықтардың арасында жылдамдықты асыру, жаяу жүргіншілер өтетін жол ережелерін бұзу болып табылады.


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!