Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы көлемі өсті

Фотография - Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы көлемі өсті

деп хабарлайды Астана қаласының Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының филиалы

184 0

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 5 бабы 3 тармағына сәйкес ҚР Үкіметі 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан зейнетақы төлеу көлемін өсіру туралы» Қаулы қабылдады. Аталған қаулыға сәйкес 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан 2013 жылдың 1 қаңтарынан дейін белгіленіп, алып келген зейнетақы көлемін 9%-ға өсіру жүзеге асырылды, - деп хабарлайды Астана қаласының Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының филиалы.

2013 жылдың 1 қаңтарынан ең аз зейнетақы мөлшері 19 066 теңге, базлық зейнетақы төлеу 9 330 теңге (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ы) болды. Жаңадан зейнетақы тағайындау үшін ескерілетін ең жоғары табыс жаңа жылдан бастап 67 509 теңгені құрады (39 айлық есептік көрсеткіш (АЕК).

«2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес айлық есептік көрсеткіш көлемі (АЕК) 1 731 теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейі 18 660 теңгені құрады.

«Сәйкестендіру нөмірінің ұлттық тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап сәйкестендіру нөмірлері енгізілді. Төлем құжаттарында енді салық төлеушінің тіркеу нөмірінің (СТН) орнына бизнес – сәйкестендіру нөмірі көрсетілетін болады. Ал тізімдегі бөлігіне – жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі жазылады.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!