Шенеуніктер Елбасының тыйымынан кейін қайда демалады?

Фотография - Шенеуніктер Елбасының тыйымынан кейін қайда демалады?

Өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметкерлерге жаңажылдық және басқа да мемлекеттік мерекелерді шетелде қарсы алуға тыйым салған еді

181 0

Өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметкерлерге жаңажылдық және басқа да мемлекеттік мерекелерді шетелде қарсы алуға тыйым салған еді.

Елбасымыздың "Мерекелерді елде, өзіңнің халқыңмен бірге атап өту керек. Бұл келе жатқан Жаңа жылға ғана емес, жалпы барлық ұлттық және мемлекеттік мерекелерге қатысты" деген сөзін жұрттың бәрі естіді.

Бірақ өткен жылы Ақордада айтылған пәрменнің жаңғырығы басылмай жатып шетел асып кеткен шенеуніктер төбе көрсетіп қалды. Мысалы, Қарағанды облысына қарасты бір ауданның бас сәулетшісі қаңтар айының алғашқы онкүндігінде шетелге барып келгені үшін жайлы орнынан айырылса, енді бірі қатаң ескерту алды.

Жаңа жылдағы 4 күндік демалыс тым көп емес. Қысқа жіпті күрмеуге келтір­мей­тіндай-ақ уақыт. Бұл жолы ми­нистр­ліктердің баспасөз қызметкерлерінен қан­шама суыртпақтап сыр тартсақ та "бас­тықтарының" қайда демалатындығы жөнінде хабарсыз болып шықты.

Бірақ олардың басым көпшілігі Алматы мен Ас­тана, одан қала берсе Көкшетауда демалып қалуы әбден мүмкін. Себебі министрлеріміздің біразы Көкшетау-Бурабайдағы демалыс орындарына алдын ала тапсырыс беріп қойған. Олар - вице-премьер Қайрат Келімбетов, Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, Ақпарат және мәдениет министрі Дархан Мыңбай және "Самұрық - Қазына" ӘАҚ Басқарма төрағасы Өмір­зақ Шөкеев. Министрлеріміздің Көкше­тауға ат басын бұруына салмақты себеп бар.

Жақында ғана Елбасымыздың өзі ашып берген Бурабай - РИКСОС бес жұл­дызды қонақүйі ондағы туризмнің шы­райын келтіріп, салмағын арттырды.

Сая­саттың ауылынан "Самұрық - Қа­зы­на" ӘАҚ жанындағы Әлеуметтік серік­тес­тік орталығының Бас директорының орын­тағына жайғасқан Нұрлан Ерімбе­тов­ше айтқанда, үкімет құрамы мүшеле­рінің 4 күн ішінде тропикалық аймақтарға ба­рып келгендігін үкіметтің алғашқы оты­рысында-ақ, жүздерінен байқауға бо­ла­ды. Саясаттанушы-шенеуніктің қо­лы қалт етсе шетел асып кететін әріптестері жай­лы пікірі мынандай:

- Елбасымыз жетер жеріне жеткізіп айт­ты. Басы артық қаржы өзімізде қалсын деп отыр. Себебі тәуелсіздік алған уақыт­тан бері туризм саласында қазақтың та­баны тимеген жер қалмады. Енді отандық ту­ризмге назар аудару тиіс. Оған ең ал­ды­мен шенеуніктеріміз ықыласты болуы ке­рек. Бұл үрдісті Ресей де қолға ала бас­та­ды. Егер қаласам жаңа жыл мерекесі күн­дері жұбайыммен көңілім қалаған жер­ге саяхаттап келуге мүмкіндігім бар. Бі­рақ жаңа жыл түні айтылатын ақ тілек ша­ңырағыңда, туған-туыстардың арасын­да айтылуы керек. Қолымда пәрмен бол­са, қолы қалт етсе шетел асып кететін ше­неуніктерге "сол жақтан қалып қою­ла­рыңызға болады, сіздер боссыздар", де­ген Жарлық шығаратын едім. Қазір қал­талылардың да басы артық қаржысын ел­дің пайдасына бағыттайтын кез келді.

Жаңа жылдың дүбірі жақындаған сайын көңілі қалаған жерде қарсы алғысы келген қалталылар жолсөмкесін қамдап, батыс пен шығысқа көз тігіп отыр. Астана мен Алматы қалаларындағы туристік агент­тік өкілдері жаңа жыл мерекесін жы­лы жаққа барып қарсы алғысы келе­тіндердің қарасы көбейгенін, кейбір ба­ғыттарға жолдамалар жаз айында сатылып кет­кендігін айтып отыр.

Алматыдағы ту­рис­тік компаниялардың бірінің атқару­шы директоры Светлана Пактың айтуын­ша, "жаңажылдық сапарларға билеттер жар­ты жыл бұрын сатыла бастайды, ал жел­тоқсанның ортасында билет табу мүм­кін емес.

Қазірдің өзінде 4000 алма­ты­лық және 1230 астаналық тұрғын Вьет­нам, Малайзия, БАӘ және Хайнань арал­дарына баруға тапсырыс беріп қой­ған.

Бұл тек еліміздің бас қалаларындағы жағ­дай. Ал өзге өңірлерден жыл ауысар мез­­гілді кім қайда өткеретіндігі бір Ал­ла­ның өзіне ғана аян. Белгілісі - ше­неу­ніктеріміздің төрт күн ішінде шетелдің қа­занына тастап кеткен қаржысына кіші-гірім бір мектеп - бір аурухана тұрғызуға бо­­латындығы.

Жаңажылдық мереке биыл төрт күн­ге жал­ғасады. Дегенмен оны мiсе тұтпай қаң­­тардың қытымыр күндерiнде еңбек де­малысын алып, шетел асып демалып қай­татындар қатары жыл өткен сайын кө­бейiп келедi.

- Мереке күндері бір Алматының өзі­нен тек жаңажылдық чартерлік рейстер са­ны 10-12-ге жетеді. Бұдан бөлек Астана, Қа­рағанды секілді ірі қалалардан да чар­терлік рейстер шығады. Кез келген адам сапа мен бағаның өзіне тиімдісін таңдап ала­ды. Бұл тұста біздегі және көршілес Қыр­ғызстандағы инфраструктура нашар, соған қарамастан бағасы тым қымбат. Мәселен, Қырғызстандағы тау-шаңғы базаларының бірінде жаңа жылды қарсы алу құны - 525 доллар. Ал қазақстандықтар ең көп баратын араб елдерінде үш-төрт күн­дік жаңажылдық демалысыңыз 675 дол­лар болады, - дейді Светлана Пак.

Қазақстандықтар жиі баратын Гоа арал­дарында жеті-сегіз күн демалу құны - бір адамға орта есеппен 1 мың 200 дол­лар. Ал жаңа жылды Малайзияда қарсы ал­ғыңыз келсе, 1 мың 300, 1 мың 500 дол­лар керек. Қытайдың Хайнань аралына са­парыңыз 1 мың 600 доллар болады.

Қазақстанда сыртқы туризммен айна­лысушы компаниялардың ұсынып отыр­ған қызмет түрiнде шек жоқ. Бiрiнен-бiрi өте­ді.

Бәрiнен де өзiмiздiң елде, Қазақ­стан­да шалқая жатып демалғанға не жет­сiн! Шетелдiкiнен кем түспейтiн қызметi бар демалыс аймақтары бiзде өте көп. Мы­салы, "Изумрудный", "Аюда" демалыс орындарында болып қайтқандар дем алумен қатар, ем алудың тиiмдiлiгiн алға тартады. "Зимовская зимка" мен "Алтай Альпiлерi" демалыс орны отбасылық сая­хатқа қолайлы жағдай жасап отыр. Жаң­а­жылдық шоу бағдарлама өз алдына. Шаңғы теуiп, аспалы жолмен тау бөкте­рiне өрмелеу ұмытылмас әсер сыйлай­ды.

"Алакөл" мен "Нұрсұлтан" демалыс ба­засының да еш жерден қалыспайтын ар­найы бағдарламасы бар. "Шүлбi" су қой­масының кереметтерiне куә болу мен қыл­қан жапырақты ормандағы серуен де­ма­лыстың көкесi дейдi барып келгендер. Өкiнiштiсi сол, iшкi туризммен ай­на­лысу­шы компаниялар отандық дема­лыс­тың ақысын жариялы түрде айтуға асы­ға­тын емес. Демалуға келiскен әр тұ­­тыну­шымен жеке дара келiсiм жаса­ла­тынын, соған сәйкес қызметақысы сау­даға салынатынын айтады.

Ұзақ ұшу, билеттердің соншалықты қым­батқа түсуі, жалпы қазақстандық ту­ризм­нің өзекті мәселесіне айналып отыр. Өйткені біздің еліміз белсенді әуе мар­шруттардан алшақ жатыр, сондықтан да туристік пакеттің салмақты үлесін ұшақ би­летінің құны құрайды. Дағдарыстан кейін­гі туристік белсенділіктің өсуінің ал­ғашқы белгілерін операторлар қазақ­стан­дық туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенованың пікірінше, 2012 жыл сабақ боларлықтай жыл болған екен. Туристік операторлардың ұсыныстары соңғы бірнеше жылда сұра­нысты асырған, чартерлік рейстердің де са­ны көбейген.

Қазақтың жері - Алланың ықыласы түс­кен жер екенін оның көркем табиғаты да айтып тұр. Туризм саласының маман­да­ры Алтай мен Атырауда, Тарбағатай сі­лемдерінде адам аяғы баспаған жерлер бар екенін айтып, таңдай қағып жатыр. Ал­тын­ға бергісіз аймақтарға шенеунік­тері­міздің де ықыласы түссе дейміз.


Тегтер:

туризм

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!