Қалың қардың түсуінен асулар жабылды

Фотография - Қалың қардың түсуінен асулар жабылды

Екі күннен бері толассыз бұрқасындатып жауған қалың қар республикалық деңгейдегі жолдың 611 және 657-ші шақырымдарын басып қалған

184 0

Мемлекеттік маңызға ие Алматы-Термез тас жолы жабылды. Екі күннен бері толассыз бұрқасындатып жауған қалың қар республикалық деңгейдегі жолдың 611 және 657-ші шақырымдарын басып қалған.

Оңтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Жамбыл облысындағы Күйік асуы жабылуынан ОҚО Түлкібас ауданындағы Шақпақ баба асуын да уақытша жабуға тура келген. Шымкенттен осы бағытта шыққан ауыр жүк көліктері мен автобустардың жүруіне уақытша шектеу қойылды.

Қазір аталған жерлерде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл құтқару тобы мен арнайы мекеме техникалары күндіз-түні жолдарды қардан тазартуда. ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Арман Асибеков Шақпақ баба асуының ашық екенін хабарлады. Сонымен қатар Жамбыл облысы Күйік асуындағы қалыптасқан жағдайға байланысты уақытша көліктердің жүруіне шектеу қойылғанын мәлімдеп отыр.


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!