Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рождествомен құттықтады

Фотография - Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рождествомен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев православиелік христиандар мен барша қазақстандықтарды Рождествомен құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі

135 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев православиелік христиандар мен барша қазақстандықтарды Рождествомен құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Православиелік христиан­дар мен барша қазақ­стан­дық­тарды жарқын мереке – Рож­дес­твомен шын жүректен құттық­таймын Мемлекеттің өз азаматтарының ру­хани ұмтылысына деген ізгі де сый­­ластықты көзқарасы – біздің еліміздегі дінаралық келісімнің ең басты негіздерінің бірі. Адам­зат­тың мәңгілік ақиқаттарына, адам­­гершілікке, өзара құрмет пен қолдауға сүйене отырып, біз бар­лық конфессиялардың дамуына жағдай жасадық, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасында бей­бітшілік пен келісімді сақтай алдық.

Өткен жыл біздің Отанымыздың жылнамасына алтын әріптермен жазыларына сенімдімін. Бұл жыл жасампаз істердің, табыс­ты жү­зеге асқан бағдарламалар мен бо­ла­шақты көздеген батыл мақ­сат­тар­дың жылы болды. Біз экономикада, саясатта және әлеуметтік салада толайым табыстарға жеттік. Біз «Қазақстан- 2050» Стратегиясын жария еттік. Бұл – ізгі ниетті барша қазақстандықтарға айқара ашылатын жарқын Болашақ.

Еліміздің қоғамдық өміріндегі басты оқиғалардың бірі діни бір­лес­тіктердің қайта тіркеуден өтуі­нің аяқталуы болды.

Бүгінде Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігіне айналған православие діні өкілдері еліміздің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына, конфессияаралық қатынастардың үндестігіне сүбелі үлес қосуда.

Рождество күндері мәңгілік адамгершілік құндылықтарды сақ­тай отырып, сүйіспеншілік пен ізгілікті, ақ ниет пен рухани тазалықты әрбір жүрекке жеткізеді. Осы арқылы қазақстандықтардың бойына өзара сыйластық, кемел­дікке ұмтылу, ізгі істер жасау се­кіл­ді жоғары адами қасиеттердің сіңуіне ықпал етеді.

Жақындарымызға, өз хал­қы­мызға, өз елімізге деген сүйіс­пен­шілік барлығымызды мызғымастай біріктіре түссін, делінген құт­тық­тауда.

Ел Президенті құттықтауының соңында былай дейді: «Сіздерге, қымбатты отандастарым, зор ден­саулық, рухани сергектік пен күш-жігер, сарқылмас қуат пен ізгі бас­тамаларыңызға табыс тілеймін».


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!