Теміржол билеттерінің бағасы 12 пайызға қымбаттады

Фотография - Теміржол билеттерінің бағасы 12 пайызға қымбаттады

 жолаушыларды темір жол көліктерімен тасымалдау тарифтерін 12%-ға өсіретіндігін мәлімдеді.

221 0

«Жолаушылар тасымалы» АҚ және «Қала маңы тасымалы» АҚ облысаралық және халықаралық қатынастар бойынша жолаушыларды темір жол көліктерімен тасымалдау тарифтерін 12%-ға өсіретіндігін мәлімдеді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ және «Қала маңы тасымалы» АҚ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы ¹07-10-32ЗТ-Ж-1096 хабарламасының негізінде, шығынды азайту мақсатында 2013 жылғы 7 қаңтардан бастап темір жол көлігімен жолаушылар тасымалына арналған тарифтердің өсетіні туралы хабарлайды», - делінген компанияның таратқан хабарламасында.

Тарифтердің өзгеруіне жолаушылар шаруашылығының мұқтаждығы үшін сатып алынатын отын-энергетикалық ресурстар құнының айтарлықтай өсуі себеп болды. Атап айтқанда, вагондарды дизельді отынмен жабдықтау құны 15 %-ға, қатты отынмен жабдықтау 5 %-ға, сумен жабдықтау орта есеппен 14-20 % өсті.

Сондай-ақ вагондарға техникалық қызмет көрсету құны орта есеппен 30%-ға, вагондарды күрделі жөндеу 40 %-ға, деполық жөндеу 4%-ға өсті.

Тарифтің қазіргі өсуі және субсидиялар мөлшерін көбейту 2013 жылы «Жолаушылар тасымалы» АҚ үшін 50 жолаушылар вагонын қалпына келтіріп, күрделі жөндеу жүргізуге, қазіргі заманғы 208 вагон, оның ішінде 158 «Тұлпар-Тальго» вагонын, 1 дизельді-рельсті құрам және жолаушылар тасымалы үшін 1 электр пойыз сатып алуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, 2013 жылы «Атырау-Алматы» және «Атырау-Астана» қатынасындағы екі жаңа маршрут ашуды, сондай-ақ ¹37/38 «Маңғышлақ-Астана» пойызына фирмалық мәртебе беруді ұйымдастыру жоспарланып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!