Қазақстандық мұнайдың 40%-ын Қытай компаниялары иемденеді

Фотография - Қазақстандық мұнайдың 40%-ын Қытай компаниялары иемденеді

Ал уақыт өте келе, елде өндіріліп жатқан қара алтынның жылдық қорының тең жартысына қожалық етеді

176 0

2013 жылдың күзіне қарай қазақстандық мұнайдың 40%-ын Қытай компаниялары иемденеді. Ал уақыт өте келе, елде өндіріліп жатқан қара алтынның жылдық қорының тең жартысына қожалық етеді.

Аты-жөнін құпия сақтауды жөн санаған сарапшы интернеттегі ақпараттық агенттіктерге бүгін осындай мәлімет таратты. «Қазмұнайгаз барлау өндіру» акционерлік қоғамы ұлттық компаниядан «Қазақойл Ақтөбе», «Қазақ түрікмұнай», «Маңғыстау Инвестмэнтс» компанияларының үлесіне ортақтасу мүмкіндігін алған соң, Қытайдың сыбағасы едәуір артады делінген сұхбатта. Сондай-ақ, аты-жөнін жасырып қалған сарапшының есебі бойынша қазақ мұнайындағы Қытайдың үлесі Қазақстанның өзінен асып жығылады . 30 млн тоннаға жеткен және күнделікті ұлғайып келеді. Бұл ақпараттың шынайылығын қазір «Қазмұнайгаз» барлау өндіру акционерлік қоғамының мамандары анықтауда.

Бақдәулет ТӨЛЕГЕН, «Қазмұнайгаз» барлау өндіру АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Мен де соны оқып отырмын қазір. Біз соңына дейін қарап шығайық. Бірақ, менің ойымша, бұл дұрыс емес. Бұл ақпарат ешқандай шындыққа сәйкес келмейді. Мен бірінші білейін. Бізде «Қазмұнайгаздың» негізгі өндіруші активтері «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз», ол екеуі де 100% Қазақстанның меншігінде. Ал енді мынау «Қазақойл Ақтөбе», «Қазақ түрікмұнай», «Маңғыстау Инвестмэнтс» бұларды біз әлі алған жоқпыз. Бұл келісім жабылған жоқ. Сондықтан оны дөп басып, қанша пайыз болатындығын біз есептей алмаймыз дәл қазір.


Тегтер:

уран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!