Баймағанбетовке үкім шықты

Фотография - Баймағанбетовке үкім шықты

 Енді ол өмірінің алдағы 10 жылын темір тордың арғы жағында өткізетін болады.

259 0

 Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық арнайыландырылған соты бүгін ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы басшысы Серік Баймағанбетовтың үстінен үкім шығарды. Енді ол өмірінің алдағы 10 жылын темір тордың арғы жағында өткізетін болады.

Баймағанбетов Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311 бабы («Пара алу») бойынша айыпты деп танылды. Ал, оған қосымша тағылған 307 бап (қызметін асыра пайдалану) бойынша ақталып отыр.

Тағылып отырған айып бойынша, Баймағанбетов облыстардағы кедендік бақылау департаменттерінің біріне бір кеденшіні бастықтың орынбасары қызметіне тағайындау үшін одан жалпы көлемі 80 мың АҚШ долларын құрайтын ақшаны пара ретінде бөліп-бөліп алған.

Сотталған экс-шенеунік бұдан бұрын еліміздің Ішкі істер министрі, Президент әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі жөніндегі бөлімнің басшысы, Қаржы полициясы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!