Қазақстанның басым бөлігінде сәрсенбіде қатты жел тұрып, көк тайғақ күтілуде

Фотография - Қазақстанның басым бөлігінде сәрсенбіде қатты жел тұрып, көк тайғақ күтілуде

Қазақстан территориясының көптеген аумақтары атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болғандықтан тұрақсыз ауа-райы, кей жерлерде қар жауады, тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі

157 0

Қазақстан территориясының көптеген аумақтары атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болғандықтан тұрақсыз ауа-райы, кей жерлерде қар жауады, тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі. Тек Республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысы антициклонның ықпалында болып, жауың-шашыңсыз ауа-райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

 

Алматы облысынның   Жалаңашкөл аумағында желдің күші 20-25, екпіні 30 м/с асады.

 

Қызылорда ,Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасынмен жел 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел күшеюі 15-20 күтіледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!