"Ғасыр жобасы" атанған халықаралық құрылыстан дау шықты

Фотография - "Ғасыр жобасы" атанған халықаралық құрылыстан дау шықты

Алматы облысының көлік прокуратурасы "Жетіген-Қорғас" темір жол магистралінің құрылысы кезінде миллиардтаған қаржының қолды болғанын әшкереледі

256 0

Алматы облысының көлік прокуратурасы "Жетіген-Қорғас" темір жол магистралінің құрылысы кезінде миллиардтаған қаржының қолды болғанын әшкереледі.

Бұл аздай экологтар да, құрылыс компаниясының табиғат қорларын заңсыз пайдаланғанын айтып, аталмыш орынды айыптап отыр.

Заманауи тұрғыдағы темір жол магистралі Қытаймен шекаралас Панфилов ауданында салынып жатыр. Алдын-ала болжам бойынша, бұл көлік жолы миллиардтаған кіріс әкеліп қана қоймай, Ресей мен Батыс үшін Қытайға тікелей байланыс ашатын көпір болмақ еді. Алайда ақиқаты сол, пайда әкелмек жобаның беделі басталмай жатып сөнген. Көлік прокуратурасы судай жаңа рельстің орнына құрылысшылар қолданылғанын төсеген. Бұл аздай мердігер компания құжаттарға жалған жоқ сандар жазып, шындықты бүркемелеп қалмақ болған.

БЕРІК ҚҰЛАНБАЕВ, Талдықорған қаласы көлік прокуратурасының қызметкері:

- Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 176 бөлімнің 3 пункті бойынша бір миллиард теңгені жымқырды деген іспен қылмыстық іс қозғалды.

Іс мұнымен тынбады. Эколог мамандар да дабыл қақты. Табиғатты қорғаушылар, құрылысшылардың құм мен қиыршық тастарды заңсыз өндіріп отырғандарын ашына айтты.

Жолды салу кезінде құрылысқа қажетті заттар арнайы құжаттарсыз алынып отырған.  Кесірінен мемлекетке 2.7 миллиард теңге көлеміндегі экологиялық шығын келген.

Алып жобадан ауыл тұрғындары да ерекшелікті байқай алмапты. Тіпті керісінше, Панфилов ауданының онға жуық ауылының  азаматтары жолсыз қалып, қолдан жасалған қиындыққа тап болдық дейді.

Естеріңізге сала кетейік, "Жетіген-Қорғас" темір жолының құрылысына мемлекет қазынасынан 20 миллиард теңге бөлінген. Жоспар бойынша өткен жылдың желтоқсанында жұмысы аяқталып, қолдануға берілу керек еді. Қазір прокурорлар қылмыстық іс қозғап, бірнеше мердігер компанияға шағым дайындап жатыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!