«Қазақстан теміржолы» ҰҚ» АҚ-ның жылдық табысы 116 млрд теңдеген асты

Фотография - «Қазақстан теміржолы» ҰҚ» АҚ-ның жылдық табысы 116 млрд теңдеген асты

Бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 2 есеге көп

164 0

«Қазақстан теміржолы» ҰҚ» АҚ-ның жылдық табысы 116 млрд теңдеген асты.

Бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 2 есеге көп. Бүгін ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтың қатысуымен компания кеңсесінде өткен кеңесте акционерлік қоғам өкілдері атқарылған жұмыс бойынша есеп берді. Бюджет қаржысын 100%-ға игере алған ұлттық компания өткен жылы 500 млрд теңгеге жуық қаржылай салым салған. Елбасы мен Үкіметтің алдына қойған тапсырмаларының орындалғанын айтқан ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов «Қазақстан теміржолы» ҰҚ» АҚ-ның бүгінгі жұмысына жақсы деген баға берді. Ал, ұлттық компания президенті Асқар Маминнің айтуынша, акционерлік қоғам 2020 жылға қарай Дүниежүзілік банк рейтингісінде жоғары сатыға көтерілуді көздеп отыр. Бүгінгі таңда 155 елдің ішінде Қазақстанның логистикалық даму индексі 86-орында тұр.

Асқар МАМИН, «Қазақстан теміржолы» ҰҚ» АҚ президенті:

- Инвестицияның негізгі бөлігі - көлік құрылысының өндірістік көлемін ұлғайтуға бағытталып отыр. Сонымен қатар инновациялық жобалар мен теміржолдарды жөндеуге және инфрақұрылым салаларына да жұмсалатын болады. Мәселен, 2008 және 2012 жылдар аралығында 797 локомотив жаңартылды.

Сондай-ақ, Ақтау теңіз порты «Қазақстан теміржолы» ҰҚ» АҚ-ның басқаруына өтпек. Кеңесте осы мәселе де талқыланды. Оған қатысты жұмыстар қазір аяқталып қалды. Яғни, Ақтау халықаралық порты акционерлік қоғам ретінде қайта құрылмақ. Сол кезде оның акциясы да ұлттық компанияның еншісіне өтеді.


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!