Бүгін Елбасы салтанатты жағдайда Алматыдағы №180-ші жалпы білім беру мектебін ашады

Фотография - Бүгін Елбасы салтанатты жағдайда Алматыдағы №180-ші жалпы білім беру мектебін ашады

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Алматыда жаңадан салынған №180-ші жалпы білім беру мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді

240 0

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Алматыда жаңадан салынған №180-ші жалпы білім беру мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Бұл білім ордасы қазіргі таңда қаладағы 181-ші мектеп болып отыр.

«Бүгін Саялы тұрғындары үшін қуанышты күн. Бізде көптен күткен 1200 орындық мектеп ашылып отыр.  Бұған дейін Саялыдағы оқушылар қаланың өзге аудандарындағы мектептерге қатынап оқитын. Ал ең жақын мектеп 5 шақырым жерде орналасқан  Көкқайнар мектебі болатын»,-деді №180-ші мектептің директоры Салтанат Құсайынова. Оның айтуынша, жалпы аумағы 8600 шаршы метрді құрайтын үш қабатты мектептің құрылысына 1 млрд. 600 млн. теңге қаржы жұмсалған. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған білім ордасында 21 интерактивтік тақта, 4 информатика кабинеті, 4 лингафонды кабинет, 6 мультимедиялық кабинет бар. Құрылғанына 4 жылдан астам уақыт өткен Алатау ауданында бұл жаңадан ашылған тоғызыншы мектеп болып отыр.

Жалпы қалада кейінгі үш жылда 40-қа жуық білім ордасы салынып, пайдалануға берілген болатын. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!