Қазақстанда СИК пен РНН қолданылмайтын болды

Фотография - Қазақстанда СИК пен РНН қолданылмайтын болды

 Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі, Салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс істеу басқармасының бастығы Ерлан Хасенов айтқан.

187 0

«Ұлттық сәйкестендіру құжаттары» туралы заңға сәйкес 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап ӘЖК (СИК) мен СТН-нің (РНН) орнын ЖСН (ИИН) мен БСН (БИН) алмастырады. Сондықтан, бұдан былай РНН мен СИК жарамсыз. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі, Салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс істеу басқармасының бастығы Ерлан Хасенов айтқан. 

«Бұл өзгеріске қаншалықты дайынбыз?» дегенге басқарма бастығы: Бұл өзгерістің болатындығы жайлы 2010 жылдан бері айтылып келеді. Бүгінде Салық комитеті мен Қаржы министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардың өзгерістерге байланысты ақпараттық жүйесі қарқынды жұмыс істеп жатыр. Егер, ЖСН мен БСН-ге байланысты қиындықтар болса, ондай азаматтарға дер кезінде салық органдары көмек қолын созуға дайын. Сондай-ақ, жеке тұлғаларға байланысты жұмыс жасайтын арнайы мемлекеттік база жұмыс істейді. Егер, сәйкес келмеген жағдайда оған Ішкі істер министрлігі жауап береді. Кейбір азаматтардың ұлттық сәйкестендіру құжаттарының орнына жеке куәліктері жарай береді. Ал, онда көрсетілмесе, ондай азаматтарға ЖСН куәлігі беріледі. Жеке куәлігінде ЖСН нөмірі көрсетілмеген жандар Халыққа қызмет көрсету орталығының көмегіне жүгінуге болады. Ол үшін жеке куәлігін өзімен бірге алып баруы тиіс, – дейді.

ЖСН нөмірлері қандай құжаттарда бар, қандай құжаттарда жоқ? Басқарма бастығының айтуынша, 1997 жылға дейінгі берілген жеке куәліктерде, 2007 жылға дейінгі берілген туу туралы куәліктерінде ЖСН нөмірі болмайды. Балалар үшін ЖСН тек оның атынан есеп шотын ашқан жағдайда немесе оның атына бір мүлікті тіркеген жағдайда ғана қажет.

Ал, салық төлеушілер үшін СТН (РНН) қаншалықты қажет? Бұған Ерлан Хасенов: Ендігі ретте СТН мен СИК жарамсыз болып табылады. Сондықтан, салық төлеуде ешқандай кедергі жоқ. Алайда, СТН құжаты мемлекет базасындағы мұрағатта сақталады, – деп жауап берген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!