Депутат студенттерді құрылысқа салуды ұсынды

Фотография - Депутат студенттерді құрылысқа салуды ұсынды

Студенттерді құрылысқа салайық!

217 0

Студенттерді құрылысқа салайық! Осылайша Кеңес одағындағы дәстүрді жандандырайық. Мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов бүгін үкімет жетекшісіне осындай ұсыныс тастады.

Тіпті, ақы төлеп білім алып жүрген жастарға күрек пен зәмбілді қай жерде ұстау қажеттігін де көрсетіп берді. "Экспо-2017" көрмесіне қажетті нысандарды жастардың көмегінсіз сала алмаймыз деген депутат "Баспана 2020" бағдарламасын да еске салды.

Айтқан сөзі әсерсіз болмас үшін тіпті, Ресейді мысалға алып, сөз сабақтады.

Ресей студент жасақтарын дамытып, "Сочи-2014" нысандарына жұмысқа тартып жатыр. Жеңілдіктер де берілуде.

Ал, қара көмірлі Қарағандының өндірісінде шыңдалып өскен премьер-министр Серік Ахметов Шымкенттің ақ мақтасына көңіл аударса игі еді! "Оңтүстік Қазақстан облысының тең жарты халқын асырап отырған мақта шаруашылығына қатысты соңғы жылдары арнайы заңдар қабылданды. Бірақ, шаруа ойдағыдай дамымай отыр дейді депутат Ұласбек Сәдібеков.

Оның айтуынша, жарты миллион халықтың жалғыз тілегін жер етпеу үшін Үкіметтің дайындап жатқан арнайы бағдарламаларында мақта шаруашылығына бірінші басымдық беруілуі керек.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!