Мәңгілік ел болу үшін Қазақ мемлекеті дәрежесіне жетуіміз керек

Фотография - Мәңгілік ел болу үшін Қазақ мемлекеті дәрежесіне жетуіміз керек

Қазақ тілін үйренуді көкпарға айналдыруға болмайды.

198 0

Қазақ тілін үйренуді көкпарға айналдыруға болмайды.

Бұл пікірін бүгін Алматыда Елбасының халыққа арнаған Жолдауын талдауға арналған кездесуде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов білдірді.

«Елбасы осы жолы тұңғыш рет біз қандай жағдайда қазақ мемлекеті болатынымызды жария етті.  Біз қазір Қазақстан Республикасы деп аталамыз. Бұл әңгіменің басы Тәуелсіздік туралы заң қабылдап жатқан кезде де ұшқын берген. Бірақ ол кезде біздің оған мүмкіндігіміз болған жоқ, халықтың құрамы жағынан болсын, жалпы сол кездегі саяси жағдайда да. Жалпы қазақ мемлекеті болу үшін, ең алдымен, біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымыздың барлығын дүниежүзілік мәдени өркениеттің даму дәрежесіне жеткізуіміз керек», - деді Қ.Сұлтанов.

Мәжілісменнің айтуынша, қазақ тілін үйренуді әр адамның санасына ендіруіміз керек. Сондықтан бұл жерде біз уақыт жоғалтпаумыз керек. Жас ұрпаққа егер жағдай туғызсаңыз қанша тіл қажет болса, сонша тілді меңгеруге мүмкіндіктері бар. Қазір технологияның заманы. Уақыт пен дүниеге таным өзгеріп келе жатыр. Онымен есептесуіміз керек. Дүниежүзінде 6 мыңға жуық тіл мен осынша этнос бар. Алайда, бәрінің бірдей мемлекеті жоқ. Соның бірі - саны әлемде 40 миллионнан  асатын күрд халқы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!