Ғылым және инновация статистикасын жетілдіру мәселелері талқыланды

Фотография - Ғылым және инновация статистикасын жетілдіру мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде ғылым және инновациялар статистикасын жетілдіруге арналған дөңгелек үстел өтті.

243 0

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде ғылым және инновациялар статистикасын жетілдіруге арналған дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары Ж. Жарқынбаевтың төрағалығымен өткен жиынға ҚР Индустрия және жаңа технологиялар, қоршаған ортаны қорғау, қорғаныс, мұнай және газ министрліктерінің, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ-ның, «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның, «Зерде» ҰИХ» АҚ-ның, «Парасат» ҰТХ» АҚ-ның және «Нұр Отан» ХДП-ның өкілдері, Астана және Алматы қалаларының бизнес өкілдері қатысты.

Шара барысында ғылым және инновациялар статистикасының ағымдағы жағдайы және оның дамуының болашаққа арналған негізгі бағыттары бойынша мәселелерді, сондай-ақ кәсіпорындарды инновация статистикасы бойынша есептілікпен қамту, респонденттердің статистикалық есептілікті толтыру сапасы  талқыланды. Қатысушылар Статистика агенттігінің ғылым және инновациялар статистикасын қалыптастыру бойынша халықаралық стандарттарға сәйкестігіне қатысты жұмысқа назар аударды. Сонымен қатар, 2013 жылға арналған ғылым және инновациялар статистикасын жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарының жобасы талқыланып, оны пысықтау бойынша ұсыныстар жасалды. Дөңгелек үстел отырысында 2013 жылы Статистика агенттігінде құрылған жұмыс тобы отырыстарында ғылым және инновациялар статистикасы мәселелерін талқылау ұйғарылды. Қатысушылар, сондай-ақ ғылым және инновация статистикасы мәселелері бойынша респонденттер мен пайдаланушыларды оқыту қажеттілігін атап өтті.  Бұл Статистика агенттігінің ғылым және инновация статистикасын жетілдіру шеңберіндегі қызметі бағыттарының бірі болып табылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!