Павлодар өңірі Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосып келеді

Фотография - Павлодар өңірі Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосып келеді

ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының аймақтардағы жұмысы басталды

270 0

ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының аймақтардағы жұмысы басталды.

Павлодарға депутаттарды бастап келген ҚР Парламенті Сенаты төрағасы Қайрат Мәми Павлодар  облысының  белсенділерімен кездесті. Алқалы жиында талқыға түскен «Қазақстан-2050» даму стратегиясы болды. Қайрат Мәми «Жолдаудың жаһандық маңызы зор. Бұл – елімізді алтын ғасырға жетелейтін маңызды құжат» дей келе оның нақты 7 бағытына тоқталды.

Павлодарда еліміздің индустрияландыру картасына енген 50 кәсіпорын іске қосылып, 5 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылған. Қосымша 22 жоба жетілдірілу үстінде. ҚР Парламенті Сенаты спикері Павлодар облысының бұл бағытта атқарған ісіне оң баға берді.

Ал шағын қалаларды дамыту бағдарламасына енген Ақсу мен Екібастұз қаласына 1,1 млрд теңге бөлінген.  

Қайрат МӘМИ, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Біздің елімізді бейбітшілік пен келісім жері деп атайды. Шын мәнінде ізгілік, татулық және әділеттілік атты мәңгілік құндылықтарды білген бір ауыздылығымыз біздің басты байлығымыз болып табылады. Ендігі біздің мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру, күшті мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға бірдей еңбек мүмкіндіктері негізінде құт-берекелі  қоғам құру. «Қазақстан-2050» стратегиясы – бүкіл сипаты бойынша әрі тарихты әрі тағдыр анықтаушы құжат.

Асхат КҮЗЕКОВ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Павлодар облысы еліміздегі  индустриалды-инновациялық даму бағдарламасында ең жоғары деңгейге ие болып отыр. Өйткені  өңірде жүздеген жаңа бағдарламалар жүзеге асуда. Жаңа  мекемелер бой көтеріп жатыр. Осы жаңа нысандарда әлемдегі ең әйгілі, ең жоғарғы сапалы технологиялар орнатылуда. Егеменді Қазақстан экономикасында Павлодар өңірінің үлесі зор.


Тегтер:

павлодар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!