Қазақстанның төрт облысында ауа райы бұзылады

Фотография - Қазақстанның төрт облысында ауа райы бұзылады

деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

264 0

2013 жылғы 11-14 қаңтар аралығында Қазақстанның төрт облысында ауа райы бұзылады, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, жауын-шашынның болуына байланысты 11-12 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының таулы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін. 12 қаңтарда Жамбыл облысында жауын-шашын болады деп күтілуде. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батыс желі күшейеді деген болжам бар.

Оңтүстік Қазақстан облысында батыс желі 17-22 м/с-қа дейін күшейіп, жауын-шашын болуы мүмкін, тауға жақын орналасқан аудандарда күшті жауын жауып, жел екпіні 30 м/с-қа дейін баруы мүмкін. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Сонымен қатар, 2013 жылғы 12-14 қаңтар аралығында жауын-шашын болуына байланысты Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында қар көшкіні болуы мүмкін. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!