Қазақстанның оңтүстігінде жағдай тұрақтанды

Фотография - Қазақстанның оңтүстігінде жағдай тұрақтанды

 Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысындағы жағдай тұрақтанды

139 0

Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысындағы жағдай тұрақтанды, қосымша су басу оқиғасы болған жоқ, жағдай облыстық төтенше жағдайлар қызметінің бақылауында. Барлық шаралар жасалуда, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметі.

Жамбыл облысындағы жағдай да бақылауға алынған. Ол жақта да қажетті шаралар қолға алынуда. ТЖ орнында сымсыз байланыс ұйымдастырылған. Төтенше жағдайдан туындаған мәселелерді, байланысты ретке келтіру үшін облысқа қосымша ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінен 200 адам мен 17 техника, 68303 әскери бөлімінен 13 адам мен 6 техника жөнелтілді.

Қызылорда облысының орталығында ауа райының күрт құбылуы салдарынан істен шыққан облыстық электрмен жабдықтау жүйесі толықтай қалпына келтірілді. ТЖ салдарын жою үшін қалалық электр желісі мекемесінен 30 адам жұмылдырылып, 10 техника пайдаланылды.

"ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайдан болған қолайсыздықтарды жою үшін барлық шараларды атқаруда", деп хабарлайды ОКҚ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!