Алдағы үш күнде Астанада қар жауып, бұрқасындатуы ықтимал

Фотография - Алдағы үш күнде Астанада қар жауып, бұрқасындатуы ықтимал

Таяудағы үш күнде   елордада  қар жауып,  бұрқасындатып, ауа температурасы төмендейді.

243 0

Таяудағы үш күнде   елордада  қар жауып,  бұрқасындатып, ауа температурасы төмендейді. Бұл туралы  «Қазгидромет» РМК-дан мәлім етті.

Синоптиктердің  болжамы бойынша, бүгін бас қалада  күн райы құбылмалы, кей жерлерде қар жауып, бұрқасын жүреді. Оңтүстік батыстан  5-10 м/с  жел соғып, кей жерлерде екпіні 18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз  - 6-8 градус суық.

Ертең, 15 қаңтар күні, елордада күн бұлттанып, қар жауып, сырма бұрқасын жүреді.  Сынап бағаны түнде  14-16 градусқа дейін, күндіз - 10-12 градусқа дейін төмендейді.

16 қаңтарда   күн бұлттанып, қар жауып, бұрқасындатуы  ықтимал.  Батыстан соққан желдің бағыты өзгеріп, екпіні 18 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде  -20-22°C, күндіз -14-16°C болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!