Азиада-2011 дирекциясы басшысы үстінен іс қозғалды

Фотография - Азиада-2011 дирекциясы басшысы үстінен іс қозғалды

23 миллион теңге мемлекет қаржысын жымқырғаны туралы қылмыстық іс қозғалды

116 0

Қысқы Азия ойындары дирекциясы директорының үстінен 23 миллион теңге мемлекет қаржысын жымқырғаны туралы қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы).

Агенттік таратқан хабарламаға қарағанда,  Алматы қалалық қаржы полициясы департаменті "2011 жылғы қысқы Азия ойындары" мемлекеттік мекемесі директорының үстінен қылмыстық кодекстің 176 бабы 3 тармағының "б, г" бөлімдері бойынша ("сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иелену немесе ысырап ету") іс қозғаған.

"Ол 2011 жылы концерттік бағдарламаларды қаржыландыру деген сылтаумен 23 миллион теңге бюджет қаржысынжымқырған" делінген ақпаратта.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!