«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы құрылады

Фотография - «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы құрылады

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы құрылатынын мәлім етті.

301 0

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы құрылатынын мәлім етті.

«Қазіргі таңда «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындалу жөніндегі Үкімет ұйымдастыратын жұмыстардың схемасы бекітілді. Мен жоғарыда айтып өткендей, Мемлекеттік комиссия құрылды. Премьер-министрдің орынбасары Қ.Келімебтов бастаған ұйымдастыру комитеті Мемлекеттік комиссияның орындаушы кеңесі болып табылады және 8 жұмыс штабтарының көрмені өткізу мен ұйымдастырудың негізгі бағыттары бойынша жұмысын үйлестіретін болады. Айдың соңына дейін Ұйымдастыру комитетінің институционалдық құрылымы айқындалатын болады. Сонымен қатар бүгін біз жарғылық мақсаттарды қалыптастыруға, сондай-ақ дайындық процестерін пысықтауға бағытталған «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ құру туралы қаулы жобасын қабылдап отырмыз», - деді Досаев.

Оның айтуынша, бұдан өзге жақын арада министрлік Ұлттық консультант кеңесін, Астана қаласының әкімдігі – қала нысандарын дайындау және сауда дирекциясын құратын болады.

«Нұрлы Астана» корпаративтік қоры жанындағы ЭКСПО-2017 қолдау қоры өз жұмысын жалғастыратын болады», - деп түйді министр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

компания

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!