Жамбыл облысына 60 вагон көмек жіберіледі

Фотография - Жамбыл облысына 60 вагон көмек жіберіледі

 Бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берген еліміздің Төтенше жағдайлар министрі осылай мәлім етті

128 0

Жамбыл облысына 60 вагон көмек жіберіледі. Облысқа көмек ретінде негізінен құрылыс материалдары жіберіліп отыр. Бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берген еліміздің Төтенше жағдайлар министрі осылай мәлім етті.

«Қазір мемлекеттік материалдық резерв қорынан 60 вагон темір жабындары мен терезелер жіберу туралы қаулыға қол қойылды. 60 вагонға көбінде құрылыс материалдары тиелді. Бүгін жүк Жамбыл облысына жөнелтіледі. Қазір біз қаржылай көмек беру мәселесін қарап жатырмыз. Әкім де өз қорынан 170 млн теңге бөлген. Қалпына келтіру жұмыстары барлық жерде ойдағыдай жүріп жатыр», - деп сендірді В.Божко.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!