Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обаманы Қазақстанға шақырды

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обаманы Қазақстанға шақырды

 деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

130 0

Дүйсенбі, 14 қаңтар күні Вашингтонда Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Омаров АҚШ Президенті Барак Обамаға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Тараптар әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында бірқатар маңызды бағыт бойынша стратегиялық әріптестіктің қарқынды дамығанын атап өтті.

"Президент Б.Обама ҚР Мемлекет басшысына жылы лебіздерін білдіріп, ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту және екі жақты ынтымақтастықты дамыту бойынша біріккен жұмысты әрі қарай жалғастыруға дайын екендігін айтты», - делінген ақпаратта.

Әңгіме соңында Қ.Омаров АҚШ Президентіне алда өтетін ұлықтау рәсіміне байланысты Елбасы Н.Назарбаевтың құттықтауын және Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыртуын жеткізді.

 

bnews.kz cайтынан


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!