Парламентшілер Шортандыда жұртшылықпен жүздесті

Фотография - Парламентшілер Шортандыда жұртшылықпен жүздесті

Мемлекет басшысының «Қазақстан -2050» стратегиясы  - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында Парламент  депутаттары өңірлерде сапарлап жүргені белгілі

255 0

Мемлекет басшысының «Қазақстан -2050» стратегиясы  - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында Парламент  депутаттары өңірлерде сапарлап жүргені белгілі.

Осы шараның аясында сенатор Жабал Ерғалиев,  Мәжіліс депутаттары Жексенбай Дүйсенбаев, Рамазан Сарпеков, Юрий Тимощенкомен бірге Ақмола облысы Шортанды ауданындағы жергілікті активпен кездесу өткізді.

Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округтерінің әкімдері, соғыс және еңбек ардагерлері, кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы бірлестіктерінің басшылары мен мамандары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Депутаттар «Қазақстан-2050» Жолдауының ережелері туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп, Мемлекет басшысының стратегиялық құжатта белгілеген міндеттерінің маңыздылығына назар аударды.

Активке қатысушылар аймақтық даму, ауыл кәсіпкерлерін қолдау, еңбекке тарту мәселелерін тиімді шешу, жастар саясаты бойынша мамандар даярлау, денсаулық сақтау мен білім беру сапасын арттыру саласындағы мемлекеттік саясат бағыттарына назар аударды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!