Елімізге АҚШ, ҚХР, Ұлыбританиядан вирустық инфекция таралу қаупі бар

Фотография - Елімізге АҚШ, ҚХР, Ұлыбританиядан вирустық инфекция таралу қаупі бар

Шетелге шығатын азаматтарды АҚШ, ҚХР-да өткір респираторлық вирустық инфекция мен тұмауға шалдығу көрсеткіші жоғары екенін жөнінде ескерткіміз келеді

200 0

Қазақстанда Америка Құрама Штаттары, Қытай Халық Республикасы, Ұлыбританиядан вирустық инфекция таралу қаупі бар. Бұл жөнінде бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде өткен «Республикадағы және әлемдегі эпидемиологиялық ахуал» тақырыбын арқау еткен баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлім етті.

«Шетелге шығатын азаматтарды АҚШ, ҚХР-да өткір респираторлық вирустық инфекция мен тұмауға шалдығу көрсеткіші жоғары екенін жөнінде ескерткіміз келеді. Ұлыбританиядан норовирустық инфекция таралу қаупі бар. Ресейде кейбір өңірлерде ғана аурудың кең таралуы тіркелген. Бірақ жағдай күн сайын өзгереді. Сондықтан келесі аптада бұл тізімге басқа елдер қосылуы әбден мүмкін», - деді Жандарбек Бекшин.

Норовирустық инфекцияның көкөніс, жеміс-жидек арқылы таралу қаупі зор. Сондықтан мамандар ас асақтық танытуға кеңес береді.

Бүгінгі күні Қазақстанда норовирустық инфекция жұқтырудың бірде-бір фактісі тіркелмеген. Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің айтуынша, бұл инфекция соңғы рет Қазақстанда осыдан бес жыл бұрын анықталыпты.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!