«Тверь» хоккей клубының басшылығы кешірім сұрады

Фотография - «Тверь» хоккей клубының басшылығы кешірім сұрады

Ресейдің Тверь қаласының жергілікті хоккей клубы «Сарыарқа» командасымен ойын алдында Қазақстаннның ескі әнұраны орындалғаны үшін кешірім сұрады

120 0

Ресейдің Тверь қаласының жергілікті хоккей клубы «Сарыарқа» командасымен ойын алдында Қазақстаннның ескі әнұраны орындалғаны үшін кешірім сұрады.

«Тверь хоккей клубының басшылығы мен баспасөз қызметі «Сарырақа» хоккей командасынан, клубтың жанкүйерлерінен, Қазақстан тұрғындарынан кеткен олқылық үшін кешірім сұрайды» делінген «Тверь» хоккей клубының ресми сайтында. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Жоғарғы хоккей лигасының кезекті кездесуі алдында еліміздің бұрынғы әнұраны шырқалды. Ал, қарағандылық «Сарыарқа» командасының хоккейшілері қолдарын кеуделеріне қойып тұрып, ескі мемлекеттік рәмізімізді соңына дейін орындап шыққан болатын.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!