Қазақстанда тұңғыш рет жүкті әйелдер тұмауға қарсы егілді

Фотография - Қазақстанда тұңғыш рет жүкті әйелдер тұмауға қарсы егілді

Осы маусымда 75 мыңнан астам жүкті әйел тұмауға қарсы егілді

247 0

Қазақстанда осы эпидемиологиялық маусымда тұңғыш рет жүкті әйелдер тұмауға қарсы егілді. Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрлігінде «Республикадағы және әлемдегі эпидемиологиялық ахуал» тақырыбын арқау еткен баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы,бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлім етті.

«Республикада эпидемиологиялық маусым басталғалы, яғни өткен жылдың бірінші қазанынан бастап 328 мыңнан астам өткір респираторлық вирустық инфекция мен тұмау жұқтырудың 9 жағдайы тіркелді.Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға төмен», - деді Жандарбек Бекшин.

Республика бойынша эпидемиологиялық маусым басталғалы тұмауға қарсы 1 325 395 адам егілген, оның ішінде: бюджет қаражаты есебінен 841 256 адам, жұмыс берушілер есебінен - 325 731, ақылы түрде 158 408 адам.

«Қазақстанда тұңғыш рет жүкті әйелдерді тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілді. Алдыңғы маусымдарда жағдай алаңдатқандықтан, биылғы жылы бұл жұмысты бастадық. Осы маусымда 75 мыңнан астам жүкті әйел тұмауға қарсы егілді. Айта кету керек, жүкті әйел дүниеге әкелген баланың алты айға дейін тұмауға қарсы иммунитеті болады. Келесі жылы бұл жұмысты жалғастырамыз», - деп атап өтті еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!