Назарбаев Парламент депутаттарының республика өңірлері тұрғындармен кездесулер өткізулері маңызды екенін атап айтты

Фотография - Назарбаев Парламент депутаттарының республика өңірлері тұрғындармен кездесулер өткізулері маңызды екенін атап айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәмимен кездесу барысында Парламент депутаттарының республика өңірлері тұрғындармен кездесулер өткізулері маңызды екенін атап айтты деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

127 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәмимен кездесу барысында Парламент депутаттарының республика өңірлері тұрғындармен кездесулер өткізулері маңызды екенін атап айтты деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


«Қазақстан Президенті Парламент депутаттарының өңірлердегі тұрғындармен жылжымалы кездесулер өткізулері маңызды екеніне тоқталды және мұндай іс-шаралар түрлерінің ауқымын кеңейте отырып, кәсіпорындарда, мектептерде, ауруханаларда және өзге де маңызды әлеуметтік нысандарда кездесулерді ұйымдастырудың қажеттігін атап өтті»,-делінген хабарламада.

Кездесу барысында Қ.Мәми Сенаттың биылғы жылға арналған заң шығару қызметінің жоспарлары және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі қызметінің 10 жылдығына байланысты іс-шараларға дайындық барысы туралы баяндады.


Сондай-ақ Сенат төрағасы Парламенттің жоғары палатасының жоспары Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауында алдыға қойылған міндеттерді іске асыруға тікелей байланысты екенін айтып өтті. Атап айтқанда, тиісті өзгеріс пен толықтыру енгізуді қажет ететін нормативтік-құқықтық актілер анықталуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!