Қазақстанда сатылымда үнемді жеңіл көліктер көш бастап тұр

Фотография - Қазақстанда сатылымда үнемді жеңіл көліктер көш бастап тұр

Ол көліктер жанармай үнемдеу, қолжетімді баға тұрғысынан өздерінің тиімділігін дәлелдеді

256 0

Қазақстанда В,С тобына жататын үнемді жеңіл көліктер сатылымда көш бастап тұр, деп хабарлайды AllurGroup тобының баспасөз қызметі.

«Жеңіл көліктер сегменті былтырғы жалпы сатылым көлемінің 67 пайызын құраған. Оның ішінде 23 пайызы В тобының, 66 пайызы С тобының көліктері екені анықталды. Жүргізілген талдауларға қарағанда, қазақстандықтар 2012 жылы Chance, Hyundai Accent, Toyota Corolla, Kia Soul маркалы көліктерді көп сатып алған», - делінген хабарламада.

Ол көліктер жанармай үнемдеу, қолжетімді баға тұрғысынан өздерінің тиімділігін дәлелдеді. Мұндай көліктері біздің елде де шығарылып отыр. Мәселен, Қазақстанда жасалған ZAZ Chance көлігінің сатылымы 1477 бірлікті құрап, жалпы көрсеткіште 12-орынды иеленді. Бұл осы маркалы көліктің жалпы сатылымының 77 пайызын құрауда.

2013 жылдың мамырында Chance маркасының жаңа үлгідегі Vida автокөлігі жарық көрмек. Бұл атау латыншадан аударғанда «Жеңіс» деген мағынаны білдіреді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!