«EXPO-2017» көрмесіне шамамен 100-ге жуық ел қатысады

Фотография - «EXPO-2017» көрмесіне шамамен 100-ге жуық ел қатысады

 «EXPO-2017» көрмесіне шамамен 100-ге жуық ел қатысатын болады.

140 0

«EXPO-2017» көрмесіне шамамен 100-ге жуық ел қатысатын болады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Көрмеге қатысатын елдер саны басты мәселе емес, бұл ретте, келушілер саны жағынан рекордтық көрсеткіш орнатуды мақсат тұтпаймыз. Біз павильондардың сапасы тиісті деңгейде болуына басты назар аударамыз. Көрмеге келушілердің көңілі толмай қайтқанын қаламаймыз. Сапа бұл - ең басты талап. Әрине, көрмеге қатысатын елдер саны неғұрлым көп болса, бұл Қазақстаннаың халықаралық қатынастарына соғұрлым мол үлес қосатын болады», - деді В.Лоссерталес.

ХКБ бас хатшысы, Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі тақырыбының өзектілігіне де тоқталды.

«Үшінші мәселе, болашақтың энергиясы тақырыбы көптеген елдер үшін маңызды болып табылады. Осы мәселелерді ескерсек, БҰҰ-ға мүше 192 ел қатысуы тиіс. Егер де 191 ел қатысатын болса, Сіздер болжамның дұрыс болмағаны туралы айтар едіңіздер. Сондықтан біз бұған ұмтылып отырған жоқпыз. Шамамен көрмеге 100-ге жуық ел қатысады деп ойлаймыз», - деп түйіндеді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!