Мұнайдың заңсыз айналымы өткен жылы 100 мың тонна болған

Фотография - Мұнайдың заңсыз айналымы өткен жылы 100 мың тонна болған

10 млрд теңге шығын келген

179 0

Мұнайдың заңсыз айналымы өткен жылы 100 мың тонна болған. 10 млрд теңге шығын келген. Ақтөбе өңіріндегі мұнай компанияларын тексерген прокурорлар осындай былықтың бетін ашты.

Бір ғана Байғанин ауданынан 15 мың тонна мұнай өнімдері шекара асқан. Табиғатты пайдаланушылар өңдірілген шикізаттың көлемін есепке алуды естен шығарған. Прокуратураның мәліметінше, «Сағыз Петролиум Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 242 ұңғыма болса, оның ешқайсында есептеу қондырғысы болмаған. Яғни, шикізаттың бір бөлігі заңсыз айналымға кетіп отырған. Шет мемлекеттерге жалған құжатпен мұнай тасыған компаниялар да бар. Таза өнімді «мұнай қалдықтары» деп көрсетіп, сыртқа сатқан.

Маратбек МЫРЗАМҰРАТОВ, Ақтөбе облыстық прокуратурасының басқарма бастығы:

- Бір ғана факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Былтырғы жылдың қараша айында «Меркур-СтройСервис» ЖШС құжатта мұнай қалдықтары деп Молдова мемлекетіне қалдықтарды жолдау барысында, экспертиза қорытындысы бойынша мұнай қалдықтары емес, таза мұнай болып шықты.


Тегтер:

уран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!