Боранға байланысты бірқатар республикалық жолдарда көлік қозғалысы бөгелді

Фотография - Боранға байланысты бірқатар республикалық жолдарда көлік қозғалысы бөгелді

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

272 0

Боранға байланысты Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары аумағындағы республикалық жолдардың учаскелері жабылды. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысында 12 қаңтардан бері "Үшарал-Достық" жолының 0-184 шақырымы аралығында  жол жабық.

Сонымен қатар кешеден бастап "Алматы-Өскемен" жолының  558-615 шақырымындағы "Үшарал-Шығыс Қазақстан обл. шекарасы"  учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Шығыс Қазақстан облысында 15 қаңтар сағат 16.00 бастап "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" жолының 15-191 шақырымындағы "Белоусовка а.-РФ шекарасы" аралығында да жол жабылды. 

Ал бүгін осы өңірде сағат 09.45 бастап "Өскемен-Шемонайха-РФ шекара" жолының 32-123 шақырымындағы "Предгорное-РФ шекарасы" аралығында  автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

Қарағанды облысы бойынша 15 қаңтар сағат 12.30 бері "Қызылорда-Павлодар" жолының  433-749 шақырымындағы "Жезқазған-Атасу" аралығында  автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

16 қаңтар сағат 13.30 бастап "Екатеринбург-Алматы" жолының  1492-1858 шақырымындағы "Қарағанды-Балқаш" аралығында  автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.

16 қаңтар сағат 13.30 бері "Қызылорда-Павлодар" жолының 992-1135 шақырымындағы "Қарағанды-Павлодар обл." аралығында  автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

2013 ж 16 қаңтар сағат 14.50 бастап «Екатеринбург-Алматы" жолының 1353-1444 шақырымындағы "Ақмола обл.-Теміртау қ." аралығында  автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

Павлодар облысы өңірінде 16 қаңтар сағат 12.30 бастап "Астана-Ерейментау-Шідерті" жолының  205-259 шақырымындағы  "Шідерті-Ақмола обл." аралығында  автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

16 қаңтар сағат 15.00 бастап "Қызылорда-Павлодар" автожолының 1135-1383 шақырымындағы "Павлодар обл-Қарағанды обл." аралығында  автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

16 қаңтар сағат 15.00 бастап қолайсыз ауа райына  байланысты "Павлодар-Шербакты-РФ" жолының 79-112 шақырымындағы "Шербакты-РФ" аралығында  автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Ақмола облысында 16 қаңтар сағат 14.40 бастап "Астана-Ерейментау-Шідерті" жолының 16-205  шақырымындағы "Астана қ.-Павлодар обл" аралығында  автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.

Сонымен қатар бүгін түстен кейін "Астана-Қорғалжын" жолының 19-180 шақырымы. аралығында  автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.


Тегтер:

жол қозғалысы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!